Ас үйде өрт тұтанған жағдайда не істеу керек - төтеншеліктер кеңесі
© Сурет: pexels
Ас үйде өрт санаулы секундта тұтануы мүмкін. ҚР ТЖМ қараусыз қалған плита, шамадан тыс қызған май немесе ақауы бар электр құрылғысы шағын тұтанудың тез арада үлкен өртке ұласуына себеп болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Қазақстанның тұрғын үй секторында 4 876 өрт тіркелді. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға аз.
Өрттердің 50,6%-ы электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзудан, 18,4%-ы пешпен жылытуды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан, тағы 16%-ы отпен абайсыз жұмыс істеуден болған.
"Май тұтанған жағдайда ең басты ереже – су құймаңыз. Су лезде буға айналып, жанып жатқан майдың шашырауына және өрттің таралуына әкелуі мүмкін. Қауіпсіз болса, плитаны өшіріп, ыдыстың бетін қақпақпен жауып, оттегінің келуін тоқтатыңыз. Жанып жатқан кастрөлді немесе табаны орнынан қозғамаңыз. Ыдысты толық суығанша қақпағын ашпай қалдырыңыз. Егер өрт тарала бастаса, бөлмеден шығып, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", делінген төтеншеліктер ескертуінде.
Ал электр құрылғысы тұтанған жағдайда, қауіпсіз болса, алдымен оны электр желісінен ажырату керек екен.
"Тоқ көзіне қосылып тұрған жабдықты сумен сөндіруге болмайды. Түтін пайда болса немесе өрт тарала бастаса, оны өздігінен сөндіруге әрекет жасамаңыз. Бөлменің есігін жауып, пәтерден шығыңыз және жақын маңдағы адамдарға ескертіңіз. Лифтіні пайдаланбаңыз және заттарыңызды алу үшін пәтерге қайта кірмеңіз", - дейді құзырлы ведомство.
Ас үйдегі өрттің төтенше жағдайға ұласуына жол бермеу үшін:
- тамақ дайындау кезінде плитаны қараусыз қалдырмаңыз;
- сүлгілерді, ас үй ұстағыштарын және басқа да тез тұтанатын заттарды плитадан алыс ұстаңыз;
- электр сымдары мен тұрмыстық техниканың жай-күйін үнемі тексеріп отырыңыз;
- балалары бар отбасылар плита мен ыстық ыдыстарға балалардың қолы жетпеуін қадағалауы қажет;
- ең бастысы, өрттің алғашқы белгілері байқалғанда, мүлікті құтқаруға уақыт жоғалтпаңыз.
Бұған дейін ТЖМ Алматыда тауда адасқан туристерді іздеуді жеңілдететін жаңа жүйе іске қосылғанын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 1 қараша 2026
Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды
-
09:59, 1 қараша 2026
ҚПЛ-2026: Футболдан шешуші турнирде ерекше жағдайлар орын алды
-
09:44, 1 қараша 2026
«10 адам қаза тауып, 25-і жарақаттанды»: Мысырда кісі толы автобус жол апатына ұшырады
-
09:21, 1 қараша 2026
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
-
19:24, 31 қазан 2026
Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды





