ҚПЛ-2026: Футболдан шешуші турнирде ерекше жағдайлар орын алды
© Фото: zakon.kz
Күні кеше футболдан 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымы аяқталды, оның соңғы 30-турында қола медаль иегері анықталды. Сондай-ақ Бірінші лигаға екі команда өткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚПЛ-2026 турнирінде үшінші орын сырт алаңда Талдықорғанның "Жетісуымен" 2:2 есебімен тең түскен "Астанаға" бұйырды. Бұл нәтиже алаң қожайындарын жоғары дивизиондағы орнын сақтап қала алмады.
Маусымның қола жүлдесіне үміткер болған тағы бір команда "Оқжетпес" Семейде "Εлімайды" 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, ұпай саны бойынша "Астанамен" теңесті.
Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша елордалық команда үшінші орында бекем тұрып, ал көкшетаулықтар төртінші сатыға сырғуына тура келді.
Турнир кестесінің төменгі бөлігінде де шешуші матчар өтті. "Ертіс" өз алаңында еліміздің мерзімінен бұрын чемпионы атанған "Ордабасыны" жеңіп (2:0), Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.
"Атырау" Жезқазғанда "Ұлытауды" ойсырата жеңді (3:0), "Алтай" Алматыда "Қайратқа" есесін жібермеді (1:1). "Қайсар" сырт алаңда "Жеңіске" жол беріп (1:2), маусымды соңғы орында аяқтады.
ҚПЛ-2026 соңғы турының қалған матчтарында келесі нәтижелер тіркелді: "Каспий" "Қызылжарға" есе жіберсе (1:2), "Тобыл" өз аренасында "Ақтөбеге" төтетеп бере алмады – 2:3.
Осылайша, "Ордабасы" өз тарихында екінші рет алтын медаль иеленді, "Қайрат" күміс жүлдені місе тұтты, ал "Астанаға" қола медаль бұйырды.
Бұл маусымда сәтсіздікке ұшырағандар "Жетісу" мен "Қайсар" болды, аталған екі команда да келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсетпек.
"Ордабасы" шабуылшысы, 14 гол соққан Бьорн Йонсен үздік атанды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:37, 1 қараша 2026
Binance биржасын «бұзып», 6 млрд долларды үптеп кеткен кім - Трамптың пікірі
-
11:19, 1 қараша 2026
Астана тұрғыны көлігіндегі жазулар үшін 10 тәулікке қамауға алынды
-
10:26, 1 қараша 2026
Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды
-
09:44, 1 қараша 2026
«10 адам қаза тауып, 25-і жарақаттанды»: Мысырда кісі толы автобус жол апатына ұшырады
-
09:35, 1 қараша 2026
Ас үйде өрт тұтанған жағдайда не істеу керек - төтеншеліктер кеңесі





