Каспийдегі рейд кезінде 44 шағын кеме ұсталды
© Фото: zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Каспий теңізіндегі заңсыз әрекеттердің жолын кесу бойынша арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл қазан айында мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 126 құқық бұзушы мен 44 шағын көлемді кеме ұсталды.
Сонымен қатар 11,5 келі есірткі және 88 шақырым браконьерлік құрал-сайман тәркіленді. Балық аулау торларынан табылған 2337 бекіре мен өзге де балық түрі табиғи мекендеу ортасына жіберілді.
Құқық бұзушыларға 4,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Ал мемлекетке келуі мүмкін 840 млн теңгеден астам залалдың алдын алды.
ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігін еске салды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:29, 31 қазан 2026
31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы
-
11:40, 31 қазан 2026
Қазақстанның Марокко мен Кубадағы елшілері тағайындалды
-
11:27, 31 қазан 2026
Каспийде заңсыз әрекеттерге қарсы рейд жүргізіліп, 126 адам ұсталды
-
10:51, 31 қазан 2026
Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды
-
10:33, 31 қазан 2026
Елена Рыбакина: Жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтау — мен үшін үлкен қуаныш





