Бейжіңдегі WTA-1000 турнирі: Рыбакинаның қанша табыс тапқаны белгілі болды
© Сурет: Instagram/lenarybakina
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өткен WTA-1000 турниріндегі өнерін аяқтады. Жарыстан ерте шығып қалғанына қарамастан, отандасымыз турнирге қатысқаны үшін ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz ұсынған дерекке сәйкес, әлемнің бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 118-орында тұрған Армения өкілі Алина Чараеваға есе жіберді.
Үш сетке созылған матч Чараеваның пайдасына шешілді. Есеп: 3:6, 6:4, 6:3. Осылайша, Рыбакина титулға таластан қағылып, жарысты 1/32 финал сатысында аяқтады.
Жарыстың осы айналымына дейін жеткені үшін Рыбакина 36 110 АҚШ доллары (16 млн 183 мың теңге) түрінде пайда тапты. Сондай-ақ оның есебіне 35 рейтингтік ұпай қосылады.
Бейжіңдегі WTA-1000 турнирінің жүлде қоры 9 млн 415 мың АҚШ долларын құрайды. Жекелей сында жеңімпаз атанған теннисші 1 млн 151 мың АҚШ доллары мен 1 000 рейтингтік ұпайға ие болмақ.
Рыбакина Бейжіңдегі жеңістің басты үміткерлерінің бірі болып саналды және бірінші нөмірлі қосалқы тізімге ие болды. Алайда ол екінші айналымда-ақ Чараеваға есе жіберді, бұл жеңіс Чараева үшін турнирдегі айтулы нәтиже болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:45, 10 қараша 2026
Месси жаңа рекорд орнатты: әлемнің үздік футболшыларынан құралған символикалық құрама жарияланды
-
11:37, 10 қараша 2026
Арина Соболенко WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады
-
09:37, 10 қараша 2026
Қазақстан боччадан әлем кубогында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды
-
22:04, 9 қараша 2026
Жеңіл атлет Максим Сажнев жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алды
-
21:11, 9 қараша 2026
Жеңіл атлет Маргарита Косинова жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетті





