Археологтар Сауд Арабиядағы шөл далада сенсациялық жаңалық ашты
© Сурет: Мария Гуаньин
Ғалымдар Сауд Арабиясының солтүстігіндегі Нефуд шөлінде 12 мың жылдық тарихы бар ерекше жартас суреттерін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Nature Communications басылымының жазуынша, бұл суреттер шөлдегі су көздеріне апаратын ежелгі "жол белгілері" ретінде қызмет еткен.
Халықаралық археологтар тобы Нефуд шөлінде бұрын зерттелмеген Жәбел-Арнаан, Жәбел-Млейха және Жәбел-Мисма аймағында 60-тан астам жартас суреттерін тапты. Бұл суреттерде 176 гравюра бар.
Гравюраларда негізінен түйелер, тау текелері, тақтұяқтылар, ірі қара түрлері мен өзге де жануарлар бейнеленген.
Бұл суреттер шамамен 12 800 жылдан 11 400 жылға дейінгі кезеңге жатады. Ол кезде аймақта ұзаққа созылған құрғақшылықтан кейін маусымдық су қоймалары қайта пайда болған.
Сурет: Мария Гуаньин
Тұнбаларды талдау нәтижесінде расталған бұл су көздері адамның шөлдің ішкі бөліктерін ол кезде де зерттей алғанын көрсетеді.
Бұған дейін ғалымдар жер астынан 600 метрлік тылсым туннельдерді тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:21, 11 тамыз 2026
Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған алты кездесу өтті
-
12:08, 11 тамыз 2026
Тарихи кездесу: Рыбакина әлемнің экс-бірінші ракеткасымен кортқа шығады
-
11:53, 11 тамыз 2026
Бүгін «Қайрат» клубы «Левски» командасымен кездеседі
-
11:43, 11 тамыз 2026
Қазақстандық ММА шебері кәсіпкерден қомақты қаржы бопсалады деген күдікке ілінді
-
11:39, 11 тамыз 2026
Роналдуның жанкүйерлері өзгенің тойының шырқын бұзды - оған желідегі той жайлы жалған ақпарат себеп болған





