Антикор Мұхамедиұлының үстінен жала жабу фактісі бойынша тергеу бастамақшы
© Фото: zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының "Дипломат" қонақүйі туралы мәлімдесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін "Дипломат" қонақүйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнеролик таратылды.
Антикор бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
"Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді. Сонымен қатар, тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелді. Сонымен қатар қазіргі уақытта "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік басып алды деген күдікті Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды". Антикор
Осыған байланысты, Мұхамедиұлы сотталушыларына аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат берілді. Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





