Анна Данилина WTA 125 турнирінің финалына шықты

13:17, 10 желтоқсан 2023

© Фото: zakon.kz

Францияның Анже қаласында WTA 125 санатындағы турнир өтіп жатыр. Жұптық сайыста қазақстандық теннисші Анна Данилина финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анна Данилина жартылай финалда ресейлік спортшы Александра Пановамен бірге нидерланд-бельгиялық жұп Бибиана Шуфс/Кимпберли Циммерманнды 7:6 (9:7), 6:2 есебімен жеңді. Кездесу бір сағат 26 минутқа созылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!