Анардың жүрекке қандай пайдасы бар

11:04, 24 тамыз 2026
MKZ: 1563026

© Сурет: pexels

Лондондағы Корольдік колледжінің ғалымдары анар, жаңғақ және кейбір жидектерді тұтынғаннан кейін ағзада түзілетін уролитин А қосылысының жүрек жұмысын жақсартуы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

News-Medical басылымының жазуынша, жануарларға жүргізілген тәжірибелерде бұл зат жүрек жұмысының көрсеткіштерін 80%-ға дейін жақсартқан. Сонымен қатар ол жүректің босаңсуына көмектесіп, тыртық тіндерінің пайда болуын және жүрек бұлшықетінің ұлғаюын азайтқан. Адамның жүрек тінінің зертханалық үлгілерінде де оң нәтиже байқалған.

Зерттеушілер уролитин А-ның шығарылу фракциясы сақталған жүрек жеткіліксіздігіне әсерін зерттеген. Бұл жағдайда жүрек қанды қалыпты айдай алады, бірақ оның бұлшықеті қатайып, босаңсуы қиындайды. Мұндай жағдай жүрек жеткіліксіздігінің барлық жағдайының шамамен жартысын құрайды.

Ғалымдар әзірге бұл ауруды анар жеу немесе уролитин А қолдану арқылы емдеуге болады деп айтуға әлі ерте екенін атап өтті. Зерттеу нәтижелері жануарларға және зертханалық жағдайда жасалған адам жүрек тіндеріне жүргізілген тәжірибелерге негізделген. Сондықтан бұл әсерді нақты анықтау үшін адамдарға клиникалық зерттеулер жүргізу қажет.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!