Алматының төрт шағын ауданында су құбыры және кәріз желілері салынады
© Сурет: pixabay
Наурызбай ауданы құрылғаннан бері ауыз сумен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе болып табылады. Бүгінде аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Қала басшысы еске салғандай, өткен жылдың қараша айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 61 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы сәтті аяқталды.
2024 жылдың маусым айында Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарында 395 км жаңа сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда.
Ақжар мен Қарағайлы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды.
"Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандары үшін мемлекеттік сараптама биылғы жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде", - деп атап өтті Ерболат Досаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 12 наурыз 2026
Қазақстандықтар тегі өзгерген жағдайда дипломды қалай қалпына келтіре алады
-
17:39, 12 наурыз 2026
Қазақстандық конькимен жүгіруші Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті
-
17:26, 12 наурыз 2026
+18°C-қа дейін жылиды: «Қазгидромет» 11-20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады
-
17:26, 12 наурыз 2026
+18°C-қа дейін жылынады: «Қазгидромет» 11-20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады
-
17:16, 12 наурыз 2026
Қазақстандық теннисші қатарынан жетінші WTA турнирінің жартылай финалына шықты





