Қазақстандық конькимен жүгіруші Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті
© Сурет: olympic.kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Нидерландтың Леварден қаласында өтіп жатқан "Күміс шар" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы 100 метр қашықтықта топ жарды.
Кошкин барлық кезеңде, соның ішінде жартылай финал мен финалда да бірінші болып мәреге жетті. Шешуші жарыста ол 9,56 секундта мәреге жетті.
Екінші орынды нидерландтық Стефан Вестенбрук иеленді – 9,69. Ал Мац ван де Бос (Нидерланд) 9,82 секунд көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта сынға түсіп, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:25, 12 наурыз 2026
Алматыда тұрғын үйлердің шатырын қардан тазалау жұмыстарына бақылау күшейтілді
-
19:15, 12 наурыз 2026
Алматыда Наурыз мейрамында қандай мерекелік іс-шаралар өтеді
-
19:00, 12 наурыз 2026
Биатлоннан әлем кубогының кезеңі: спринтте кімдер бақ сынайды
-
18:54, 12 наурыз 2026
БҚО-да тоғыз жастағы бала өртеніп жатқан үйден бауырларын құтқарып қалды
-
18:40, 12 наурыз 2026
Абай облысында жүргізушінің көлігі қар суына батып қалды





