Алматының орталық саябағында жазғы дәмхананың үстіне ағаш құлады
© Сурет: Zakon.kz
Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында кәрі ағаш құлап, дәмхананың жазғы террассасының бір бөлігін қиратты, деп хабарлайды Zakon.kz .
Куәгер түсірген видеода адамдар дәмханадан әрең шығып үлгергенін байқауға болады.
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағына барып, шаған ағашының бұтағы құлағаны анықтады, зардап шеккендер жоқ", – деді ведомство өкілдері.
Ағаш "Алтын Тараз" ЖШС-не тиесілі дәмханаға іргелес аумақта өсіп тұр.
"Алматы қаласындағы жасыл желекті күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, меншік иесі күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде іргелес аумақта өсіп тұрған ағаштарды санитарлық кесуге міндетті. Басқарма аумақтың иесіне санитарлық кесу туралы ұсыныс жолдады", – деді Басқарма маманы.
2022 жылғы наурыз айында Алматыда Toyota Camry көлігінің үстіне ағаш құлады: зардап шеккендер жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





