Алматының Наурызбай ауданында 5,5 мың орындық үш мектеп ашылды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Наурызбай ауданындағы оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіліп жатқанын аудан әкімі Назира Тоғызбаева Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндап берді.
"Аудан тұрғындары өсіп жатқандықтан тездетіп мектеп пен балабақша салуды қолға алдық. Биыл бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр", – деді ол.
Биыл ауданда 5 500 орындық 3 жаңа мектеп ашылған. Олар "Нұрлы дала" тұрғын үй кешенінде, Сәбденов көшесі мен "Құрамыс" шағынауданында орналасқан. Сонымен қатар, "Alem City" мен "Алма сити-3" тұрғын үй кешенінің маңында әрқайсысы 1 200 орындық екі жаңа мектептің, сондай-ақ №174 мектепке қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып қалды. Бұл нысандарды 2026 жылдың бірінші тоқсанында ашу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, 2025 жылы 340 орындық жатақханасы бар №15 мектеп-интернаттың құрылысы да аяқталады.
Мектепке дейінгі білім беру бойынша ауданда 6 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша жұмыс істейді, онда шамамен 11 000 бала бар.
Орын тапшылығын азайту мақсатында биылғы қыркүйекте "Шұғыла" шағынауданында 320 орындық балабақша ашылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін "Құрамыс" пен "Шұғыла" шағынаудандарында тағы екі 320 орындық балабақша пайдалануға берілсе, 2026 жылы "Қалқаман" шағынауданында 240 орындық балабақша ашылғалы отыр.
Осылайша, 2025 жылдың соңына дейін аудандағы мектепке дейінгі мекемелерде қосымша 880 жаңа орын пайда болмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 13 тамыз 2026
Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр
-
22:27, 13 тамыз 2026
Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды
-
21:33, 13 тамыз 2026
Баспана саласындағы мемлекеттік саясат ұсыныстың орнына сұранысты арттырып, бағаны өсірді - экономист
-
21:12, 13 тамыз 2026
Ақтауда студенттерден 1 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталып, сотталды
-
20:53, 13 тамыз 2026
«Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды». Қостанай облысында балалар орталығы жабылды





