Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

17:33, 10 мамыр 2026

© Фото: akorda.kz

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

"Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді", – делінген хабарламада.

15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.

Ақорда сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңындағы Түркістандағы дайындық барысы түсірілген видеоны бөлісті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!