ШҚО-да патрульдік полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді

13:43, 10 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

ШҚО-да патрульдік полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таңертең Өскемен — Шемонаиха тасжолының 9-шақырымында 437 борт нөмірлі қызметтік автокөлікпен патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып тұрған.

Глубокое кенті жағынан полицейлерге қарай бір автокөлік келіп тоқтап, жүргізуші көмек сұраған. Ер адам көліктегі жүкті әйелінің толғағы басталғанын және жедел жәрдем бригадасы уақытында келіп үлгермейтінін айтқан.

Полицейлер азаматтың өтінішіне жедел ден қойып, арнайы жарық шамдарын қосып, автокөлікке Ана мен бала орталығына дейін жол бастап барды.

Полицейлердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының арқасында әйел медициналық мекемеге уақытылы жеткізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!