ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары жиілеуіне байланысты үндеу жасады
© Фото: Zakon.kz
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде "хайп" жасау және видео жариялау мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары жиілеп отыр. ІІМ мұндай әрекеттер елдің мәдени және табиғи мұрасына зиян келтіріп, заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар — Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында.
"Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени әрі табиғи объектілерге жазу жазу, оларды зақымдау – заң бұзушылыққа жатады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған". ҚР Ішкі істер министрлігі
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабына (Вандализм) сәйкес, мемлекет қорғауындағы объектілерді бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ге дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
"Өз еліңнің табиғаты, тарихы және айналаға құрмет көрсету – әр азаматтың міндеті. Вандализмнің кез келген көрінісі қатаң құқықтық бағасын алады, себебі Заң мен тәртіп әр азаматтың жауапкершілігіне негізделген, ал мұндай құқық бұзушылықтар үшін қатаң жаза бар", - деп ескертті Ішкі істер министрлігі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:25, 10 мамыр 2026
Үсік, бұршақ, дауыл: 11 мамырда қай өңірлерлер ескерту жасалды
-
15:51, 10 мамыр 2026
Дзюдошылар Камила Берліқаш пен Марат Байқамуров Астанадағы Grand Slam турнирінің финалына шықты
-
14:58, 10 мамыр 2026
Өскеменде суға батып кеткен екінші жігіттің мәйіті табылды
-
13:43, 10 мамыр 2026
ШҚО-да патрульдік полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді
-
13:20, 10 мамыр 2026
Қорғаныс министрлігі Астана үстінде жойғыш ұшақтардың ұшатынын ескертті





