Алматылық оқушы қоршаған ортаға зияны жоқ биопакет ойлап тапты

10:46, 21 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

Алматыда 10-сынып оқушысы қоршаған ортаға зияны жоқ биопакет ойлап тапты. Жас өнертапқыштың айтуынша, жоба небәрі бір айдың ішінде жүзеге асқан. Ең қызығы, жасөспірім бұл идеяны жасанды интеллектімен ақылдаса отырып жетілдірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меруерт Кенжебай – 10-сынып оқушысы. Осыдан бір ай бұрын ол қоршаған ортаны қорғауға үлесін қосуды мақсат етіп, биопакет жасау идеясын қолға алған. Ерекшелігі – бұл бастаманы Меруерт жасанды жадының көмегімен дамытқан. Ақылды технологияның арқасында түрлі деректерді саралап, өнімнің қауіпсіз құрамын анықтапты. Almaty TV дерегінше, кейін жобаны ұстазымен бірлесіп, тәжірибе жүзінде іске асырған. Нәтижесінде табиғатқа зияны жоқ био пакет әзірленіп шығарған.

Жас өнертапқыш ойлап тапқа био пакеттің қарапайым дүкендердегі қалташалардан еш айырмашылығы жоқ. Ерекшелігі белгілі бір температурадағы суға салсаңыз бірнеше минут ішінде толық еріп кетеді. Ешқандай қалдық қалмайды.

Биопакеттің құрамы толықтай табиғи әрі қауіпсіз заттардан тұрады екен. Негізгі компоненттері – крахмал, су, глицерин мен өсімдік тектес байланыстырғыш қоспалар. Барлық ингредиент белгілі бір мөлшерде араластырылып, баяу отта қыздырылады. Дайын қоспа арнайы қалыпқа құйылады.

Жас өнертапқыштың айтуынша, биопакет 45–50 минутта толық еріп кетеді. Ал ғалымдар полиэтилен қалдықтарының табиғатта 500 жылға дейін ыдырайтынын айтады. Ресми дерекке сүйенсек, елімізде жыл сайын 5 миллион тоннадан астам қоқыс шығарылады.

Бұған дейін Қызылорда облысында қолайсыз ауа райында адасып кеткен жүргізуші табылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!