«Дружба» құбыры арқылы қазақстандық мұнайды айдау: Қазақстан РФ-ға ресми сауал жолдады
© Фото: zakon.kz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 4 қарашада үкіметте өткен баспасөз мәслихатында отандық мұнайдың Германияға тасымалына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ерлан Ақкенженов биыл 96 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланып отырғанын жеткізді. 2027 жылы бұл көлем 99 миллион тоннаға дейін артуы мүмкін.
Бұл ретте журналистер қараша және желтоқсан айларында "Дружба" мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды айдау жоспарда бар-жоғын және 2027 жылға арналған перспективаларға қатысты сұрақ қойды.
"Жеткізу жағы келсек, бізде бұл ретте техникалық мүмкіндік бар. Қазақстан тарапы ресми сауал жолдап қойды, енді осы бағытты жандандыру мәселесі бойынша Ресей тарапынан жауап күтіп отыр. Мерзімдерді (жеткізу) осы жауап келгеннен кейін атауға болады", – деді Энергетика министрі.
Айта кетсек, 2026 жылы 23 сәуірде Кремль қазақстандық мұнайдың Германияға "Дружба" құбыры арқылы тасымалы 1 мамырдан бастап тоқтатылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:36, 4 қараша 2026
Қазақстан 2030 жылға қарай авиаотын өндірісі көлемін арттыруға ниетті
-
18:01, 4 қараша 2026
6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді
-
17:47, 4 қараша 2026
Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттауы мүмкін
-
17:39, 4 қараша 2026
Көмір мен жарық бағасы қымбаттайды ма - министр жауабы
-
17:16, 4 қараша 2026
«Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді». Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы





