Алматыдағы жанжал: кәмелетке толмаған қызға қатысты іс сотта қайта қаралды
© Фото: pexels
Алматыда 13 жасар жасөспірімді зорлап кетті. Сот барысында іс қайта сараланып, жағдайға құқық қорғаушылар мен балалар омбудсмені араласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғаушы Ляззат Ракишева Instagram желісінде 2025 жылғы 1 қыркүйекте Алматыда 13 жастағы қыздың зорланғанын мәлімдеді.
Ракишеваның жазуынша, қылмысты қыздың әкесінің танысы жасаған. Ата-анасы ажырасқан. Қылмыс жасалған сәтте анасы – дәрігер – корпоративтік іс-шарадан кейін мас күйінде көлік басқарғаны үшін сотталып, қауіпсіздігі ең төменгі колонияда жазасын өтеп жатқан. Алайда оған қылмыс жасалғаны, тергеу басталғаны және сот процестері жүріп жатқаны туралы ешбір орган хабарламаған. Анасы бұл жағдайды қылмыстан кейін алты ай өткен соң ғана білген.
Осы уақыт ішінде қызға күдіктінің туыстары, адвокаттары және әкесі қысым көрсетіп, болған жайтқа өзін кінәлі деп сендірген.
Құқық қорғаушының айтуынша, алты ай бойы балаға психологиялық көмек көрсетілмеген. Соның салдарынан ол сотта айғақтарын толық өзгерткен.
"Адвокат дайындаған, шындыққа сәйкес келмейтін жазбаша мәтін бар. Әкесінің, күдіктінің туыстары мен олардың адвокатының қатысуымен жүргізілген әңгімелердің фотосуреттері мен аудиожазбалары сақталған. Анасы мен бала ешқандай психологиялық және құқықтық көмексіз қалды. Қорғансыз күйде. Күдікті АИТВ жұқтырған. Көмек сұраймын! Қызды психологиялық тұрғыдан сындырып, өз жағына шығарып алған", – деп жазды Ракишева.
Жағдайға қатысты ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева пікір білдірді.
Оның айтуынша, 2025 жылдың желтоқсан айында тергеу ісі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін бап бойынша сотқа жолданған. Алайда сот қарауы барысында іс қайта сараланған. Осыған байланысты прокуратураға жүгіну туралы шешім қабылданған.
"Біз Ішкі істер министрлігімен, анамен және Ляззат Ракишева ханыммен байланыстамыз. Қыз бала қауіпсіз жерде, арнайы мекемеде. Психологиялық қолдау орталығы анасы мен қызды қабылдады, олармен тұрақты байланыс орнатылған", – деді ол.
Айта кетейік, 24 ақпанда Түркістан облысында кәмелетке толмаған туысын зорлаған зейнеткерге қатысты сот үкімі шыққан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:06, 26 ақпан 2026
Павлодар облысында тасымалдаушылар қызметіне бақылау күшейтілді
-
10:57, 26 ақпан 2026
Прагада өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты: Қазақстаннан кімдер қатысады
-
10:44, 26 ақпан 2026
Алматыда танымал автобус бағыты 26 ақпаннан бастап қозғалыс сызбасын өзгертеді
-
10:36, 26 ақпан 2026
Маңғыстау облысы ПД бастығы мен дәрігер ұшақта шетел азаматын аман алып қалды
-
10:28, 26 ақпан 2026
Кредиттік төлемдер бойынша кейінге қалдыру мыңнан астам сарбазға уақытылы жүргізілмеген





