Алматыда танымал автобус бағыты 26 ақпаннан бастап қозғалыс сызбасын өзгертеді

10:44, 26 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 25 ақпанда Алматы көлік холдингі оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына №221 танымал автобус бағытына қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада №221 маршруттың қозғалыс сызбасы ұзартылғаны айтылған. Осыған байланысты 26 ақпаннан бастап бағыттың жүру тәртібі өзгереді.

"Маршрут сызбасы: "Аурухана" аялдамасынан кейін автобус Алатау көшесімен "Жаңа құрылыс" аялдамасына дейін қатынайды", – делінген Telegram-арнада жарияланған ақпаратта.

Қайтар бағытта автобустар дәл осы сызба бойынша жүреді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 13 ақпанда Алматыда бірден 19 автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгеретіні белгілі болған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!