Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: сотталушы сот залына келе алмады
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 1 маусымда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол-көлік оқасына қатысты негізгі сот процесі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айыпталушы Александр Пак денсаулығына байланысты сот отырысына жеке қатыса алмады. Ол сот процесіне Zoom платформасы арқылы онлайн қосылды. Судья Еркін Майшинов оның денсаулық мәселелерін ескеріп, сұрақтарға отырып жауап беруіне рұқсат берді. Бұған дейін алдын ала тыңдауда қорғаушысы айыпталушының апаттан кейін толық айықпағанын және әлі де ем қабылдап жатқанын айтқан еді.
Сонымен қатар сот отырысына жол апатынан қаза тапқан Томирис Қыдырбек, Еламан Тілемесов және Құмар Тенелбаеваның туыстары да келмеді.
Іске төрағалық етуші судья бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жәбірленуші тараптың өтінішін еске салып, жарияланымдарда олардың жүздерін көрсетпеу туралы талаптың сақталуын міндеттеді.
Осыдан кейін сот тергеу кезеңіне өтті.
Прокурор Әлібек Күмісбеков айыптау актісін оқып берді:
"Айыпталушы мас күйде бола тұра, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жалған мемлекеттік нөмір тағылған жеке Zeekr көлігін басқарған. Шығыс айналма автожолында (ВОАД) рұқсат етілген жылдамдық сағатына 80 шақырым болғанына қарамастан, жылдамдықты шамадан тыс асырып, Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысына жеткенде қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан Mercedes көлігімен соқтығысқан. Mercedes ішінде болған үш адам оқиға орнында қаза тапты".
Айыпталушы адам өліміне әкелген жол апатына кінәсін толық мойындайтынын мәлімдеді.
Сот процесінің тәртібі де бекітілді: алдымен жәбірленушілерден жауап алынады, кейін куәгерлер тыңдалып, іс материалдары зерттеледі. Одан соң айыпталушыдан жауап алынып, тараптар жарыссөзіне көшеді.
Бұған дейін Александр Пак қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұраған болатын.
Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызда Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, Zeekr жүргізушісі мас күйінде Әл-Фараби даңғылында қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:16, 1 маусым 2026
Қазақстаннан бензин мен дизельді мыңдаған партиямен заңсыз шығаруға тырысқан: ҰҚК дерегі
-
12:58, 1 маусым 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: қаза тапқан жүргізушінің әпкесі сотта мәлімдеме жасады
-
12:41, 1 маусым 2026
Алматының кей бөлігінде жарық уақытша өшіріледі: ажырату кестесі жарияланды
-
12:26, 1 маусым 2026
2-4 маусым аралығында ауа райы күрт құбылады: Қазақстанда екпінді жел, бұршақ пен жауын күтіледі
-
11:56, 1 маусым 2026
Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны – бала: балаларды қорғау күніне арналған соңғы деректер






