Астанада 16 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап кете жаздады

17:00, 31 мамыр 2026

© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Астанада Б.Майлин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде 9-қабаттағы терезе алдында қыздың отырғаны туралы хабарлама түсті.

"Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері пәтер есігін ашып, қызды қауіпсіз жерге шығарып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғын үйдің алдына "өмір кубы" орнатылды", – делінген хабарламада.

Құтқарушылардың уақтылы әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында 2010 жылы туған жасөспірім құтқарылды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!