2-4 маусым аралығында ауа райы күрт құбылады: Қазақстанда екпінді жел, бұршақ пен жауын күтіледі
© Фото: pixabay
Қазақстанда 2026 жылғы 2-4 маусым аралығында ауа райының күрт өзгеруі күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 1 маусымда "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай күтіледі".
Мамандардың айтуынша, бұршақ түсіп, екпінді жел мен нөсер жауын келесі аймақтарда күтіледі:
- 2 маусымда Павлодар облысында,
- 3 маусымда Атырау және Маңғыстау облыстарында,
- 3-4 маусымда Ақтөбе облысында,
- 4 маусымда Қостанай облысында.
"Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал".
Метерологтардың мәліметінше, күндізгі ауа температурасы батыста +23…+28°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста ауа температурасы +13…+26°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде +25…+32°С-қа дейін, республиканың орталығы мен шығысында +27…+36°С-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы сәл төмендеп, +25…+35°С шамасында болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 1 маусым 2026
ҰБТ-ның үшінші апталығы қалай өтті - аралық қорытынды
-
13:16, 1 маусым 2026
Қазақстаннан бензин мен дизельді мыңдаған партиямен заңсыз шығаруға тырысқан: ҰҚК дерегі
-
12:58, 1 маусым 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: қаза тапқан жүргізушінің әпкесі сотта мәлімдеме жасады
-
12:41, 1 маусым 2026
Алматының кей бөлігінде жарық уақытша өшіріледі: ажырату кестесі жарияланды
-
12:13, 1 маусым 2026
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: сотталушы сот залына келе алмады





