Еліміз бойынша іздеуде жүрген көлік Алматыдан табылды
© Фото: unsplash
Алматы көшелерінде қылмыстық оқиғаға қатысы бар көлік еркін жүргені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы ауданында патрульдеу жүргізіп жүрген "Буран-219" экипажы Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында аталған көліктің республикалық деңгейде іздеуде жүргені белгілі болды.
"Бұл көлікті ұстау бойынша еліміздің өңірлік полиция бөлімшелеріне арнайы бағдар берілген. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған автокөлік қылмыстық істердің біріне қатысы болуы мүмкін. Көлік жүргізушісі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Бұған дейін ауқымды операция аясында Қазақстан мен Украина Одесса қаласындағы трансұлттық топқа соққы бергенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:56, 1 маусым 2026
Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны – бала: балаларды қорғау күніне арналған соңғы деректер
-
11:40, 1 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы 1 маусымдағы валюта бағамдары
-
11:27, 1 маусым 2026
«Тірідей көмген»: Алматы облысында ер адамды қатыгездікпен өлтіріп кеткен
-
10:58, 1 маусым 2026
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің тізімін жаңартты
-
10:41, 1 маусым 2026
Қазақстанда әкімдерге «цифрлық жұмыс орны» берілді





