Қазақстандық әйел бір күнде бірден бес баланың анасы атанды
© Фото: zakon.kz
Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемi дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 27 наурызда жүктіліктің 32 аптасында өмiрге келген сәбилерге Хадия, Дария және Жәния есімдері берілді.
1210, 1470 және 980 грамм болып туылған шақалақтар екі ай бойы ана мен бала орталығының жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған арнайы күтім бөлімшесінде ем қабылдап, дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болды.
Мамандардың білікті көмегі мен заманауи медициналық күтімiнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы тұрақталып, салмақтары айтарлықтай артты. Яғни 2390, 3390 және 2060 граммға жеттi.
Сәбилердің анасы 32 жастағы Бекбаулы Мөлдір, әкесі – 34 жастағы Берікбол Нұрсұлтан. Сырдария ауданына қарасты Басарық ауылының Баймановтар отбасы бұған дейін де екі бала тәрбиелеп отырған отбасы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:01, 31 мамыр 2026
Астанадағы екі жеке тұрғын үйде ірі өрт шықты
-
12:56, 31 мамыр 2026
Ақтауда робот-иттер қызметке кірісті
-
11:46, 31 мамыр 2026
KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза болды
-
11:14, 31 мамыр 2026
Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады
-
11:10, 31 мамыр 2026
Алматыда 1 маусымда балаңызды қайда апаруға олады





