Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының диқандары ерте піскен 200 тонна қарбызды еліміздің ірі қалалары мен көрші Ресей Федерациясына жөнелтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24kz" телеарнасының ақпаратына сүйенсек, биыл бақша өнімдері былтырғыға қарағанда 10-15 күнге ерте пісті. Осыдан он күн бұрын жетісайлық диқандар қауынның алғашқы өнімін экспортқа шығарған еді.
Жетісай ауданының дихандары биыл 20 мың гектардан астам суармалы алқапқа бақша және көкөніс дақылдарын еккен. Оның ішінде 3 мың гектарда қарбыз өсіп тұр. Диқандар сапалы әрі мол өнім алуға күш салғандарын айтады. Ағын судың қажетті мөлшерде уақытылы берілуі мен заманауи агротехнологияларды тиімді пайдалану нәтижесінде алғашқы өнім ерте жиналды.
"Қауын 42 мың гектарға, қарбыз 20 мың гектарға егілді. Қауын бойынша 220 тонна алғашқы өнім Ресейге жөнелтілді. Қарбыз дақылы бойынша 600 тонна өнім жиналды. Алдымен ішкі нарыққа, артығын Ресей, Беларусь еліне жіберу жоспарда. Қауын-қарбызды тамшылатып суару қарқынды жүруде". Ерсұлтан Қадірбек, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Бұған дейін Қазақстанда сирек кездесетін жылқылар далаға жіберілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:11, 1 маусым 2026
Еліміз бойынша іздеуде жүрген көлік Алматыдан табылды
-
10:58, 1 маусым 2026
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің тізімін жаңартты
-
10:41, 1 маусым 2026
Қазақстанда әкімдерге «цифрлық жұмыс орны» берілді
-
10:20, 1 маусым 2026
Ұлттық режимнен алуға жататын тауарлардың тізбесі бекітілді
-
10:09, 1 маусым 2026
Халықаралық балаларды қорғау күнінде бір топ оқушы Ақорданы аралап көрді





