Ақтауда астан уланып, ауруханаға түскен 9 жасар бала көз жұмды
© Сурет: Zakon.kz
Ақтауда қыркүйек айында тамақтан улану диагнозымен жансақтау бөліміне түскен 9 жасар ұл бала қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баланың қазасын Lada.kz сайтына оның туыстары растады. Ол 6 қазанда көз жұмған.
Туыстарының айтуынша, ауруханаға баласымен қатар түскен әкесінің жағдайы тұрақталған. Отбасының тағы екі ересек мүшесі облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр.
Баланың неден көз жұмғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында тұратын бір отбасы мүшелері 17 қыркүйекте өткен туысының туған күнінен кейін өздерін жайсыз сезінген. Сол кезде олар мерекелік дастарқанның басты дәмі тоңазытқыштан алып шыққан қақталған қызыл балық болғанын айтқан еді.
Бір-екі күн өткен соң отбасы мүшелерінің жағдайы күрт нашарлаған. Олар облыстық ауруханаға жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды және ботулизмге қарсы екпе егілді. Ауырғандардың арасында ауыр дәрежедегі "ботулизм" диагнозымен 9 жасар бала да болды. Дәрігерлер ботулизмді емдеудегі басты факторлардың бірі уақыт екенін, өйткені медициналық көмекке кеш жүгіну науқас үшін қасіретті болуы мүмкін екенін айтады. Баланың туыстары жергілікті билік өкілдерінен елордадан қажетті бейінді мамандарды шақыруды сұраған болатын. Ақтауға санавиациямен реаниматолог, инфекционист және невролог мамандар барғалы жатқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:32, 7 қазан 2026
Обаға қарсы институт қызметкерінің өлімі: Кремль, Роспотребнадзор, ДДҰ не дейді
-
17:51, 7 қазан 2026
Ерлан Қарин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXIV отырысына қатысты
-
17:27, 7 қазан 2026
Көлікті «тиімді» жолмен сату: Астананың бір топ азаматы алаяққа ұрынып, 600 млн теңгеден қағылған
-
17:11, 7 қазан 2026
Алматы-Қорғас тас жолында камераға қарап, әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші сотқа тартылды
-
16:59, 7 қазан 2026
Алматыдағы жаңа метро станциясы мен Төле би көшесін ұзарту жұмыстары қай кезеңде





