«Қауіпсіздік диалогсыз болмайды». Жаңадан тағайындалған Алматының бас полицейі мәлімдеме жасады
© Сурет: Instagram/almaty_police_department
Алматы қалалық полиция департаментінің (ПД) жаңа бастығы Айдын Қабдұлдинов бүгін, 2026 жылғы 12 қаңтарда өзінің тағайындауына қатысты пікір білдіріп, алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оңтүстік астананың бас полицейі Алматы өзі үшін аяқ басқан жаңа қала емес екенін айтады.
"Бұл - мен кәсіби тұрғыда қалыптасқан, қызмет жолымның маңызды бөлігі өткен қала. Бүгін Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы қызметіне кірістім. Бұл мегаполис әрдайым ашықтығымен, белсенді азаматтық ұстанымымен және әділдікке деген талабы жоғары тұрғындарымен ерекшеленеді. Алматылықтар - бейжай қарамайтын, сұрай білетін, бірге жұмыс істеуге дайын халық", - дейді Айдын Тоқтарұлы.
Ол алдыңғы басшылыққа және жеке құрамға атқарған еңбектері үшін алғыс айтып, қазіргі қоғамдық тәртіп саласындағы көптеген нәтижелер - сол жүйелі еңбектің жемісі екенін де жеткізді.
"Менің міндетім - бар жақсыны сақтап, тиімді бағыттарды күшейту. Бүгінде Мемлекет басшысы жариялаған "Заң мен тәртіп" қағидаты ел бойынша жүзеге асырылуда. Бұл - ішкі істер органдары үшін күнделікті қызметтің басты бағыты. Бұл қылмысқа қарсы күресте тек жауап берумен шектелмей, алдын алу, түсіндіру, халықпен тікелей жұмыс істеуге басымдық берілетінін білдіреді. Қауіпсіздік диалогсыз болмайды. Полиция, тұрғындар, журналистер, қоғам - бәріміздің мақсатымыз ортақ: тыныш, қауіпсіз, сенімді қала. Ашық жұмысқа, өзара сенімге және бірлескен әрекетке дайынмын", деп толықтырды ол өз сөзін.
Айта кетсек, 2026 жылы 9 қаңтарда Алматы полиция департаментінің басшысы болып Айдын Қабдұлдинов тағайындалған болатын. Ол Түркістан облыстық ПД басшысы болып кеткен Арыстанғани Заппаровтың орнын басты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 12 қаңтар 2026
Таиландта бортында Қазақстан азаматтары да болған катер теңізге батып кетті
-
19:54, 12 қаңтар 2026
Павлодар облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, екі адам қаза тапты
-
19:26, 12 қаңтар 2026
Маңғыстау облысында TikTok арқылы тікелей эфирге шыққан әскери қызметкер айыппұл арқалады
-
19:17, 12 қаңтар 2026
«Құдыққа түсіп кеткен». Абай облысында жоғалған бала бейнебақылау камерасының көмегімен табылды
-
19:01, 12 қаңтар 2026
Белгілі журналист Дәулет Ізтілеу өмірден өтті





