12-15 қаңтар: Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қатты аяз болады
© Фото: Zakon.kz
Астанада және Қазақстанның бірнеше облыстарында 12-15 қаңтар аралығында ауа температурасы қатты төмендеп, кей жерлерде -38°С жетеді деп күтілуде. Бұл туралы 12, 13, 14 және 15 қаңтарға арналған дауылды ескерту Қазгидромет РМК баспасөз қызметі арқылы берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Қостанай облысы: 13 қаңтарда облыстың солтүстігінде түнгі температура -23…-28°С дейін төмендейді; 14 қаңтарда түнгі температура әрі қарай -25…-30°С дейін төмендейді.
- Солтүстік Қазақстан облысы: 13 қаңтарда түнде және күндіз температура -20…-25°С деңгейінде болады; 14-15 қаңтарда түнде әрі қарай -30…-35°С, облыстың солтүстігі мен шығысында -38°С жетеді.
- Ақмола облысы: 13 қаңтарда облыстың солтүстігі мен шығысында түнде -18…-23°С болады; 14-15 қаңтарда түнде әрі қарай -23…-28°С, солтүстік пен шығыста -35°С.
- Астана: 14-15 қаңтарда түнгі температура -26…-28°С дейін төмендейді.
- Павлодар облысы: 13 қаңтарда облыстың солтүстігінде түнгі температура -18…-23°С; 14-15 қаңтарда түнде әрі қарай -30…-35°С, солтүстігінде -38°С.
- Қарағанды облысы: 14 қаңтарда түнде -15…-20°С, облыстың солтүстігінде -25…-30°С.
- Абай облысы: 14 қаңтарда түнде -20…-25°С, батысында -28°С; 15 қаңтарда түнде -30…-35°С.
- Шығыс Қазақстан облысы: 14 қаңтарда түнде және күндіз -18…-23°С, шығыста -27°С; 15 қаңтарда түнде -30…-35°С, шығыста -38°С.
- Батыс Қазақстан облысы: 15 қаңтарда түнде және күндіз -10…-15°С.
- Ақтөбе облысы: 15 қаңтарда түнде -17…-22°С.
Еске сала кетейік, синоптиктер бұған дейін қыс өзінің билігін көрсетеді деп ескерткен болатын. 13-15 қаңтарға арналған болжамға сәйкес, Қазақстанның кей өңірлерінде температура -38°С дейін төмендеуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 12 қаңтар 2026
Таиландта бортында Қазақстан азаматтары да болған катер теңізге батып кетті
-
19:54, 12 қаңтар 2026
Павлодар облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, екі адам қаза тапты
-
19:26, 12 қаңтар 2026
Маңғыстау облысында TikTok арқылы тікелей эфирге шыққан әскери қызметкер айыппұл арқалады
-
19:17, 12 қаңтар 2026
«Құдыққа түсіп кеткен». Абай облысында жоғалған бала бейнебақылау камерасының көмегімен табылды
-
19:01, 12 қаңтар 2026
Белгілі журналист Дәулет Ізтілеу өмірден өтті





