Алматыдағы хостелде болған өрт: жедел желі қосылды

12:11, 30 қараша 2023

© Сурет: unsplash

Хостелдегі өртке байланысты Төтенже жағдайлар департаментінде жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жедел желі мына нөмірлер бойынша жұмыс істейді: 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84", – делінген хабарламада.

Алматыда 30 қараша күні таңертең ертемен Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртенді. Өрт салдарынан 13 адам қаза тапты. Өрт кезінде жатақханада 72 адам болған, оның 59-ы сыртқа өз бетімен шыққан. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алматы қалалық полиция департаменті таратқан мәліметке сай, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы). Тағы 9-ы – Қазақстан азаматтары.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!