Алматыдағы ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды

13:12, 13 маусым 2019

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ішіндегі адамдардың барлығы эвакуцияланды, деп хабарлайды Zakon.kz оқиға орнынан.

Сот қызметкерлерінің айтуынша, 102 пульт нөміріне сот ғимаратының ішіне бомба қойылғаны жайлы хабар келіп түсіпті. Полицейлер мен құтқрау қызметінің мамандары ғимаратты тексеріп, сағат 11:50 шамасында оның ішіндегі адамдардың барлығын қауіпсіз жерге шығарған. Адамдар көшеде іс-шаралардың аяқталуын күтіп жүр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!