Алматыдағы Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

11:33, 10 желтоқсан 2023

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

11 желтоқсаннан бастап Алматының Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді. Бұл ауданда 27 аймақ, 6 504 тұрақ орны, оның ішінде 454-і мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақылы тротуар тұрағының жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 8: 00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны 100 теңге. Уақытты есептеу көлік құралының тұрақ аймағында тоқтаған сәтінен басталады. Тұрақ ақысын алғашқы 15 минут ішінде төлеу қажет.

Тұрақ орны үшін алдын ала төлеуді мынадай тәсілдермен жүргізу қажет:

  • "парковки Алматы мобильдік қосымшасы арқылы. Бұл қосымшаны PlayMarket немесе AppStore телефондарына жүктеуге болады;
  • almaty-parking.kz сайтында;
  • Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы ақпараттық тақталардағы QR-код бойынша;
  • kassa 24 терминалы;
  • Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттерінің 1309 нөмірі бойынша SMS хабарлама жіберіп, тақтада көрсетілген тұрақ нөмірін * авто нөмірі * сағат санын көрсету арқылы ұялы шоттың теңгерімінен тұрақ ақысын төлеуге мүмкіндігі бар.

Хабарлама мысалы: 6021 * 123АА02 * 1

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі тротуар үлгісіндегі тұрақтар басқа аудандарда кезең-кезеңімен іске қосылатынын хабарлады.

Ережені сақтамағандар автоматты режимде, мобильді кешендермен (арнайы авто) тіркеледі. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл - 3 АЕК. Бір жыл ішінде тағы да бұзса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!