Алматыдағы 13 адам қаза болған өрт: қылмыстық іс қозғалды

11:44, 30 қараша 2023

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласындағы өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына 2023 жылғы 30 қараша күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған. Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеуде", – делінген ресми хабарламада.

Бұл объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы 457 шаршы метр болған.

"Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Ақпарат түсуіне байланысты толықтырылады".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда 30 қараша күні таңертең ертемен Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртенді. Өрт салдарынан 13 адам қаза тапты.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!