Алматыда жолаушылар автобусы әйел адамды қағып өлтірді

10:46, 18 сәуір 2018

Алматыда Tөле би көшесінде жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, 126-бағыттағы автобус жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Айтуларынша, бағдаршамның жасыл түсі өшейін деп жатқанда, автобус қиылыстан өтіп кетуге тырысқан. Осы кезде әйел адам жолдың шетінде жолды кесіп өтуге дайындалып тұрған. Автобус оны қағып кеткен.

Қатты соққыдан жәбірленуші 20 метр қашықтыққа ұшып кеткен. Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Апаттың мән-жайын полицейлер тексеретін болады. Қиылыста бейнебақылау камералары орнатылған, бұл жағдайдың анық-қанығын анықтауға көмектеседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!