Алматыда жол апатына ұшыраған көлік әйнек аялдаманы күл-талқан етті

09:24, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

2024 жылдың 14 қыркүйегінде таңертең Алматыда Назарбаев-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Назарбаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігі бағдаршамның рұқсат етілген белгісі бойынша жүрісін жалғастырған.


Аталған көшелердің қиылысында Қабанбай батырдың шығыс бағытында жоғары жылдамдықпен жүйіткіген Volkswagen Polo бағдаршамның қызыл белгісін елемей, жолды қимақ болады. Алдынан ғайыптан атып шыққан оны көргенде Hyundai жүргізушісі абдырап, ештеңе жасай алмай қалады, сөйтіп Volkswagen көлігінің бүйірінен соғады.

Volkswagen Polo, Алматы, аялдама, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 09:24

Сурет: Zakon.kz

Өз кезегінде Volkswagen Polo ұшып, жолдың жиегіне төңкеріліп түседі, онымен қоймай ары қарай шөппен сырғанап аялдама алдындағы арыққа барып тіркеледі.

Жол апаты, Алматы, Volkswagen Polo, аялдама, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 09:24

Сурет: Zakon.kz

Көлік аударылып, ауаға көтерілгенде сол маңдағы ағаштың бұтақтарын сындырып, ал көліктің артқы жағы әйнек аялдамаға соғылып, оны күл-талқан етті.

Жол апаты, Алматы, Volkswagen Polo, аялдама, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 09:24

Сурет: Zakon.kz

Құдай сақтағанда аялдамада ешкім болмаған, өйткені бұл таңертеңгі ерте уақыт болатын.

Жол апаты, Алматы, Назарбаев-Қабанбай батыр, Hyundai Elantra, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 09:24

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Екі көліктің жүргізушілері де зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жеткен жол полициясының қызметкерлері Volkswagen көлігінің жүргізушісін мас болуы мүмкін деген күдікпен медициналық тексеруге алып кетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!