Алматыда желшешекке шалдыққан балалар жансақтау бөліміне түсті
© Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қазан айының басынан бері желшешекке (ветрянка) байланысты асқынулармен Алматыда 14 бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыл басынан бері індетке шалдыққандар саны 40%-ға артқан. КТК арнасының хабарлауынша, олардың басым бөлігі – екпе алмаған балалар.
Тек қыркүйек айына дейінгі тоғыз айда желшешек 183 балада расталды. Олардың көбі – бастауыш сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалар.
"Көп жағдайда ата-аналар бұл ауруға салғырт қарайды. Кейбірі тек аурудың 10-күні ғана дәрігерге жүгінеді", – дейді дәрігерлер.
Мамандардың айтуынша, баласының денсаулығына мұндай көзқарас емдеу процесін қиындатады. Кейбір балалар ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізіледі.
"Тек осы айдың өзінде жансақтау бөліміне асқынулармен 14 бала түсті. Олардың көбінде екі жақты өкпе қабынуы (пневмония), тырысқақ синдромы және жедел тыныс жеткіліксіздігі анықталды", – делінген телеарна сюжетінде.
Дәрігерлердің айтуынша, желшешекке қарсы екпе міндетті вакцина тізіміне кірмегендіктен, ұжымдық иммунитет тек ауруды бастан өткергеннен кейін ғана қалыптасады. Сол себепті дәрігерлер ата-аналарға балаларын ерікті түрде екпе алуға шақырады.
"Халықты екпеге шақыру жұмысын күшейтіп, жеке клиникалармен тығыз байланыс орнату керек. Қазіргі таңда олардың көпшілігі МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) аясындағы вакциналау міндеттемелерін толық орындамай отыр", – деді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалыкова.
Бұған дейін Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 2 мамыр 2026
Түркістан облысында көпірді су алып кеткеннен кейін полицейлер 78 адамды эвакуациялады
-
15:23, 2 мамыр 2026
Алматыда танымал көшелердің бірі уақытша жабылады
-
14:57, 2 мамыр 2026
Сүт өнімдерінен бас тарту ішек обырының қаупін арттыруы мүмкін – дәрігерлер
-
14:21, 2 мамыр 2026
Таразда жоғары сынып оқушысы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды
-
13:53, 2 мамыр 2026
Ақтаулық құтқарушылар жанып жатқан үйден 14 адамды эвакуациялады





