Алматыда жаңа туған нәрестелерді күтіп-баптау бөлімшесі ашылды
© Фото: primeminister.kz
Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының базасында жаңа туған нәрестелерді жансақтау жағдайында күтіп-баптауға арналған мамандандырылған бөлімше ашылды.
Бұл туралы орталық директоры Әлібек Смағұлов 2025 жылдың жұмыс қорытындысы таныстырылымында мәлімдеді. Іс-шараға қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты.
Оның айтуынша, 2025 жылы қыркүйектен бастап жұмыс істеп келе жатқан бөлімше 16 орынға арналған. Мұнда шұғыл түрде түскен нәрестелерге көмек көрсетіледі, сондай-ақ жансақтаудан кейінгі балаларға қарқынды терапия және ерте оңалту қызметтері қарастырылған. Үш айдың ішінде 103 жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді.
Бір жылда орталықта 235 нәресте емделіп, олардың 52-сіне туа біткен даму ақауына байланысты шұғыл ота жасалды. Пациенттер санының өсуі бөлімшенің мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа орындарды ашуға негіз болды.
2025 жылдан бастап орталықта 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 12 орындық оториноларингология және жақ-бет хирургиясы бөлімшесі тәулік бойы қызмет көрсетеді. Алғашқы бес айда 83 балаға шұғыл және жоспарлы көмек көрсетілді. Жаңа бөлімшелердің ашылуы көрсетілетін медициналық көмектің аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Өткен жылы 140,6 мыңнан астам бала медициналық көмек алды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 22,5%-ға көп. Жоспарлы тәртіпте Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 1 500-ден астам науқасқа мамандандырылған хирургиялық және консервативті көмек көрсетілді.
2025 жылы орталықта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін госпитальдық фармация бөлімшесі де ашылып, халықаралық GPP стандартына сай сертификат алды.
Жыл қорытындысы бойынша орталық ең жоғары аккредитациялық санат иеленіп, Қазақстанда "Жылдың үздік балалар стационары" деп танылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 27 қаңтар 2026
«Циклон жүріп, аяз болады». Еліміз бойынша 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
-
17:43, 27 қаңтар 2026
Алматыда полицейлер арнайы рейд жүргізіп, кейбір көліктерді айып тұрағына әкетіп жатыр
-
17:30, 27 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады
-
17:21, 27 қаңтар 2026
Алматыда алаяқтықтың сорақы түрі анықталды: қарттарды алдап, кедейлердің атына автонесиелер рәсімдеген
-
16:54, 27 қаңтар 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу ережелері жаңартылды





