Алматыда үшінші қабаттан секіріп кеткен сарбаздың денсаулығына қатысты тың мәлімет жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
4 қазанда Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаз биіктіктен секіріп кетті. Оның аман, қазір ауруханада екені белгілі. Дәрігерлер жарақат алған жігіттің денсаулығына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2007 жылғы мерзімді қызметтегі сарбаздың "биіктіктен құлап, алған жарақат" диагнозымен қалалық жедел жәрдем ауруханасына келіп түскенін, қазір қажетті медициналық ем-шараларын алып жатқанын растады.
"Науқасты дәрігерлердің көпсалалы тобы шұғыл тексерді. Барлық қажетті клиникалық және аспаптық зерттеулер жүргізілді. Науқастың жалпы жағдайы орташа", - деп түсіндіреді дәрігерлер.
Сондай-ақ салалық басқарма әскери қызметші бейінді бөлімшеге жатқызылғанын нақтылады.
"Емдеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде қабылданады". Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Мерзімді сарбаз Алматыда үшінші қабаттан секіріп кетті. Бұған дейін қызмет барысында дәрігерлер оған "айналаға бейімделу бұзылысы" диагнозын қойған (сарбаз әскерге шақырылмас бұрын жақын туысынан айырылған). Ол әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген болатын.
Бұған дейін Алматы облысында шекара қызметіндегі сарбаз көз жұмғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қыркүйек 2026
Алматыда бір тәулікте мас күйінде рөлге отырған 18 жүргізуші ұсталды
-
17:45, 20 қыркүйек 2026
КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды
-
16:57, 20 қыркүйек 2026
ТЖМ тікұшағы науқасты Баянауылдан Павлодарға шұғыл жеткізді
-
16:38, 20 қыркүйек 2026
«Тұман түсіп, күн суытады». Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
15:34, 20 қыркүйек 2026
Экономист медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін зерттеуге кірісіп жатқанын мәлімдеді





