Алматыда Тұрғанқұл Қараевтың құрметіне мемориалды тақта ілінді

16:34, 17 ақпан 2020

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Тұрғанқұл Қараевтың құрметіне мемориалды тақта ашылды. Арда азамат кеңес дәуірінде әділеттілік пен әділдікті ту етіп, Қазақстанның тәуелсіздік алуына ат салысқан жандардың бірі. Қала басшылығының шешімімен тақта Тұрғанқұл Қараевтың өзі тұрған үйге ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ашылу салтанатына қайраткердің ет-жақындары мен замандастары, қызметтес достары мен бірнеше ақ жағалылар келді.

"Бұл өзі өткен тарихымызға өзіміздің өткенімізге кешегі кеңес дәуірінде Қазақ деген халықтың тәуелсіз ел болуына аянбай еңбек сіңірген азаматтардың жасаған істеріне көрсетіліп жатқан құрмет деп қабылдау керек", – деді қала әкімінің кеңесшісі Мамай АХЕТОВ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!