Алматыда Toyota көлігі аударылып, бес адам зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласына қарасты Алатау ауданында Toyota көлігі аударылып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, жол апаты Рысқұлов даңғылы бойында болған. Екі көлік те жолдың батыс бағытында қатар жүріп келе жатқан.
"Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол өз кезегінде көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып, аударылған. Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы болғандығы анықталды. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





