Алматыда «Тіл парасаты» деп аталатын 10-шы республикалық байқау өтті
Оған еліміздің бірқатар өңірінен келген қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері қатысты. Барлығы мемлекеттік тілді ерекше құрметтейді.
Сайыста қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқып, тіл мәртебесін арттырудағы жетістіктерін таныстырды.
Ал Шымкентте «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» форумы ұйымдастырылды.
Этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері бас қосып, тіл – достықтың тетігі, халықты біріктірудегі маңызды құрал екендігін атап өтті.
Ильнур Степанов, байқауға қатысушы
-Қазақ тілін білу үшін Қазақстан тарихын оқу керек. Қазақтың қандай қиындықтардан өткенін, не үшін күрескенін білу керек. Сонда ғана Қазақстанды құрметтейсің. Қазақ тілін меңгеруге өз ниетің ашылады.
Анна Шолгина, тележүргізуші
-Жастар орыс тілінде сөйлейді. Мысалы, маған орысша сөйлесе, мен қазақша жауап беремін. Өйткені біз Қазақстанда тұрамыз. Мен «қазақстандықпын» деп айтамын.Ұлтым орыс болғанымен, жаным – қазақ.
Ал Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жалпыреспубликалық шығармалар байқауының алғашқы кезеңі басталды.
«Қазақстанның Тәуелсіздігіне – 25 жыл» тақырыбында өткен сайысқа жоғары сынып оқушылары қатысып, егемендік жетістіктерін қазақ тілінде көркем сөзбен жеткізді.
Маңғыстау облысы бойынша іріктеу кезеңінен өткен 30 бала бақ сынасты. Қуантарлығы, жас өрендер тіл ұстартудан шеберліктері мол екендігін байқатты.
Ал Сыр өңіріндегі шығармашылық сайысқа 50 оқушы қатысты. Шығармаларды арнайы комиссия сарапқа салды.
Ойы жүйелі, сөздік қоры бай, жазу мәнері ерекше балалар сый-сияпатқа кенелді.
Ал қатарластарынан оқ бойы озық шыққан оқушылар елордада өтетін байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алды.
Карима Салихова, байқау жеңімпазы
-Менің шығармам Елбасыға хат түрінде жазылды. Ширек ғасырда кемелденген мемлекет құруда сіңірген зор еңбегіне алғысымды білдірдім. Ол көптеген ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жиып, бейбіт өмір сыйлады.
Азамат Мукеев, байқауды ұйымдастырушы
-Үздік деп танылған 7-сынып пен 10-сынып аралығындағы оқушылар және де 10 мен 11-сынып оқушылары арасындағы екі кезең бойынша іріктеуден өткен жеңімпаздар республикалық кезеңге жолданады. Сол жақта барлық өңірде жиналған жұмыстардың қорытындысы бойынша үлкен шарада біздің оқушыларымыздың жұмыстары бағаланатын болады.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





