Алматыда терезе жуып жатқан әйел кондиционердің кронштейніне ілініп қалған
© Фото: zakon.kz
Алматыда бесінші қабаттан ілініп қалған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматының 112 қызметіне Алғабас ықшам ауданындағы 12 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында терезе жуып жатқан әйелдің сыртқы кондиционер кронштейніне ілініп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Әйел қолымен терезе жақтауын ұстап, қозғалыссыз тұрған. Құлап кету қаупі туындаған.
"Шұғыл түрде ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жіберілді. 112 қызметінің диспетчері куәгер арқылы әйелге сабыр сақтап, орнынан қозғалмауын өтінді. Құтқарушылар арнайы автосатыны пайдаланып, биіктікке көтеріліп әйелге жетті", - делінген хабарламада.
Оны қауіпсіз түрде төмен түсіріп, дәрігерлерге тапсырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:58, 9 маусым 2026
Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты
-
20:08, 9 маусым 2026
Алматыда бес жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті





