Алматыда «тар жолға сыймай қалған» автобус үш көлікті арықтан асырып жіберді
© Сурет: Zakon.kz
Алматыда бүгін, 29 шілдеде, автобус қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, №32 бағыттағы автобус Науай көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Біржан көшесіне жетпей жол жиегінде тұрған Hyundai Elantra көлігіне соғылған.
Қатты соққыдан Hyundai Elantra алдында тұрған Volkswagen Golf көлігіне соқтығысқан. Ал екі көлік өз кезегінде Lada 2111 автокөлігіне тиіп кеткен.
Соққының күші соншалық, автобус үш көлікті де жол жиегінен арықтың арғы бетіне ығыстырып жіберген.
Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус жолаушыларына медициналық көмек қажет болмаған. Ал жол жиегінде тұрған көліктердің ішінде ешкім болмаған.
Автобус жүргізушісі болған жағдайды қысқаша: "Жол тар болды. Сыймай қалдым", – деп түсіндірді.
Бұған дейін Алматыда түнде екі жүк көлігі соқтығысып, тұрғын үй аумағына кіріп кете жаздағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 29 шілде 2026
«Күн 44 градусқа дейін қызады». Еліміз бойынша 30 шілдеге арналған ауа райы болжамы
-
17:27, 29 шілде 2026
Қарыздары үшін жүргізуші куәлігін тартып алуға бола ма? Кассациялық сот шешім шығарды
-
17:18, 29 шілде 2026
Павлодар облысында көлікті белгіленбеген орынға қойған жүргізушілер ұсталып, жазаға тартылуда
-
17:08, 29 шілде 2026
Назгүл Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды
-
16:59, 29 шілде 2026
2026 жылдың тамызында доллар бағамы қандай болады: сарапшылар үш нұсқаны атады









