Назгүл Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

17:08, 29 шілде 2026
MKZ: 1558656

© Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Назгүл Серікқалиқызы Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 29 шілдеде ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл Хатепова 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, бизнес және басқару магистрі дәрежесін алды.
  • 2012 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымында менеджер, сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеді.
  • 2021–2022 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасының басшысы.
  • 2022–2025 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры.
  • 2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, егіншілік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Бұған дейін Туризм индустриясы комитетінің төрағасы мен Мәдениет және ақпарат вице-министрі жаңадан тағайындалған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!