Алматыда такси жүргізушісі 77 жастағы әжейді басып кетті

13:42, 24 маусым 2025

© Сурет: Zakon.kz

2025 жылғы 24 маусым, сейсенбі күні Алматы қаласындағы Көктем ықшамауданында кейуана көлік астына түсіп, алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 1948 жылы туған әжей аулада жүріп бара жатқан. Сол сәтте Infiniti FX35 жол талғамайтын көлігі артқа қарай қозғалып оны қағып кеткен. Болжам бойынша, жүргізуші азық-түлік арқалап үйіне қайтып келе жатқан әжені байқамаған.

Сурет: Zakon.kz

Құқық қорғау органдары подъезд алдындағы бейнебақылау камераларын қарап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші ұсталды.

Құқық қорғау органдары подъезд алдындағы бейнебақылау камераларын қарап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін БҚО-да полиция қызметкерінің өз үйінің ауласында өлі күйінде табылғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!