Алматыда тағы бір көше уақытша ішінара жабылады

13:52, 27 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда 27 шілдеден бастап 29 шілдеге дейін Манас көшесіндегі жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 шілдеде сағат 23.00-ден 29 шілдеде сағат 07.00-ге дейін Абай даңғылынаң Жамбыл көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Жол жөндеу жұмыстары, Алматы, Манас көшесі, 27 шілде, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2024 13:52

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.

Бұған дейін Алматыда Әуезов ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Алтынсарин даңғылындағы учаскелердің бірінде жол жүру ішінара жабылатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!