Алматыда сот шешімі бойынша KHAN тұрғын үй кешені сүріледі
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы заңсыз тұрғын үй кешенін сүрудің басталғаны туралы хабарлады.
Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы аясында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына мүлдем сай келмейтін салынып жатқан 52 нысан анықталды. Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан KHAN тұрғын үй кешені.
Бұл нысанды "Tennis.kz" ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етпеген.
Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК - нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласының СМЭС - на кешенді сүру жөнінде талап арыз берді.
Сот талқылаулары аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 24 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен объектіні бұзу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.
Заңсыз объектіні бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.
Айта кетерлігі, тағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:01, 9 қазан 2024
Almaty Open 2024 ATP 250 турнирінде болудың 5 себебі
-
12:51, 9 қазан 2024
Қызылорда облысында пәтер тонауды кәсіп еткен ұры ұсталды
-
12:34, 9 қазан 2024
Іле ауданының әкімі дәл ауруханада ұсталды: Қарасаевқа қандай айып тағылып отыр
-
12:18, 9 қазан 2024
Астана мен Алматыда арнайы операция жүргізілді: Қаржы министрлігінің қызметкерлері әшкереленді
-
12:03, 9 қазан 2024
Қостанайда полиция жүк көлігінен 1,5 тоннаға жуық шегілмейтін темекі тәркіледі