Алматыда шіркей қаптады: билік күтпеген себепті атады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Биыл Алматыны шіркей басты. Қала әкімдігі бұған мамыр айындағы нөсер жауын мен одан кейінгі күннің күрт жылынуы себеп болғанын айтып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, жоғары ылғалдылық пен жылы ауа райы өсімдіктердің тез өсуіне әсер еткен.
Мамандардың айтуынша, осындай климаттық және биологиялық факторлардың үйлесуі жәндіктер дернәсілдерінің жылдам көбеюіне қолайлы жағдай жасаған.
"Санитарлық-энтомологиялық мониторинг нәтижелері бойынша рұқсат етілген препараттарды қолдана отырып, дезинсекциялық шаралар белгіленді. Қалыптасқан жағдай Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының бақылауында", – деп хабарлады Алматы әкімдігі Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 21 мамырда.
Бұған дейін жазғанымыздай, Алматыда Құрбан айт күндері тазалықты бақылауды күшейтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:27, 22 мамыр 2026
22 мамырдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:16, 22 мамыр 2026
Алматыда 25 жастағы тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті
-
11:09, 22 мамыр 2026
Қазақстанда 20 жылға жуық уақыт бойы ашылмай келген қылмыс әшкереленді
-
11:00, 22 мамыр 2026
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: Астанада қаржылық қауіпсіздік форумы басталды
-
10:56, 22 мамыр 2026
Павлодарда есірткі таратушының жолы кесілді





