Алматыда сегіз автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді
© Фото: Zakon.kz
Алматыда сегіз автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық көлік холдингінің мәліметінше, Ясауи көшесінің Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі бөлігінде жол жабынын фрезерлеу жұмыстары жүргізіліп, көлік қозғалысы толығымен жабылады. Осыған байланысты 8 тамыздан 12 тамыз сағат 08:00-ге дейін №4, №14, №44, №50, №52, №126, №139 және №226 автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
№4 бағыт
Батыс бағытта: Шаляпин көшесі (батысқа қарай) – Саин көшесі (оңтүстікке қарай) – Жандосов көшесі (батысқа қарай) – Қонаев көшесі (батысқа қарай) – Гроза көшесі (оңтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
Шығыс бағытта: Гроза көшесі (солтүстікке қарай) – Қонаев көшесі (шығысқа қарай) – Жандосов көшесі (шығысқа қарай) – Алтынсарин даңғылы (солтүстікке қарай) – Шаляпин көшесі (шығысқа қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
№14 бағыт
Солтүстік бағытта: Гроза көшесі (солтүстікке қарай) – Қонаев көшесі (шығысқа қарай) – Жандосов көшесі (шығысқа қарай) – Алтынсарин даңғылы (солтүстікке қарай) – Шаляпин көшесі (батысқа қарай) – Әшімов көшесі (оңтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
Оңтүстік бағытта өзгеріс жоқ.
№44 бағыт
Шығыс бағытта: Айтматов көшесі (батысқа қарай) – Әбділдин көшесі (солтүстікке қарай) – Дәулеткерей көшесі (оңтүстікке қарай) – Байсұлтанов көшесі (шығысқа қарай) / Айтматов көшесі (шығысқа қарай) – Әшімов көшесі (солтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
Батыс бағытта: Айтматов көшесі (батысқа қарай) – Әбділдин көшесі (солтүстікке қарай) – Дәулеткерей көшесі (оңтүстікке қарай) – Байсұлтанов көшесі (шығысқа қарай) / Айтматов көшесі (шығысқа қарай) – Әшімов көшесі (солтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
№50 бағыт
Батыс бағытта өзгеріс жоқ.
Шығыс бағытта: Әбділдин көшесі (солтүстікке қарай) – Дәулеткерей көшесі (оңтүстікке қарай) – Байсұлтанов көшесі (шығысқа қарай) / Айтматов көшесі (шығысқа қарай) – Әшімов көшесі (солтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
№52 бағыт
Солтүстік бағытта: Жандосов көшесі (шығысқа қарай) – Дәулеткерей көшесі (солтүстікке қарай) – Айтматов көшесі (шығысқа қарай) – Әшімов көшесі (солтүстікке қарай) – Шаляпин көшесі (шығысқа қарай) – Ясауи көшесі (солтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
Оңтүстік бағытта: Ясауи көшесі (оңтүстікке қарай) – Шаляпин көшесі (батысқа қарай) – Әшімов көшесі (оңтүстікке қарай) – Айтматов көшесі (батысқа қарай) – Әбділдин көшесі (солтүстікке қарай) – Дәулеткерей көшесі (оңтүстікке қарай) – Жандосов көшесі (батысқа қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
№126 бағыт
Оңтүстік бағытта: Ясауи көшесі (оңтүстікке қарай) – Шаляпин көшесі (шығысқа қарай) – Саин көшесі (оңтүстікке қарай) – Жандосов көшесі (батысқа қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
Солтүстік бағытта: Қонаев көшесі (шығысқа қарай) – Жандосов көшесі (шығысқа қарай) – Саин көшесі (оңтүстікке қарай) – Саин – Торайғыров жолайрығы (кері бұрылу) – Саин көшесі (солтүстікке қарай) – Шаляпин көшесі (батысқа қарай) – Ясауи көшесі (солтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
№139 бағыт
Оңтүстік бағытта: Ясауи көшесі (оңтүстікке қарай) – Шаляпин көшесі (шығысқа қарай) – Саин көшесі (оңтүстікке қарай) – Жандосов көшесі (батысқа қарай) – Шаймерденов көшесі (оңтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
Солтүстік бағытта: Шаймерденов көшесі (солтүстікке қарай) – Жандосов көшесі (шығысқа қарай) – Саин көшесі (оңтүстікке қарай) – Саин – Торайғыров жолайрығы (кері бұрылу) – Саин көшесі (солтүстікке қарай) – Шаляпин көшесі (батысқа қарай) – Ясауи көшесі (солтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
№226 бағыт
Солтүстік бағытта: Жандосов көшесі (шығысқа қарай) – Саин көшесі (оңтүстікке қарай) – Саин – Торайғыров жолайрығы (кері бұрылу) – Саин көшесі (солтүстікке қарай) – Шаляпин көшесі (батысқа қарай) – Ясауи көшесі (солтүстікке қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
Оңтүстік бағытта: Шаляпин көшесі (шығысқа қарай) – Саин көшесі (оңтүстікке қарай) – Жандосов көшесі (батысқа қарай), одан әрі бекітілген сызба бойынша.
Бұған дейін Алматы облысында 2026 жылғы 31 шілдеден 25 тамызға дейін №233, №303 және №306 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретіні хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 10 тамыз 2026
WhatsApp-қа жасалатын шабуыл: Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға маңызды ақпармен жүгінді
-
12:37, 10 тамыз 2026
Ақтөбе облысында мас жүргізуші осымен екінші мәрте полицейлердің назарына ілікті
-
12:25, 10 тамыз 2026
Шымкентте хакім Абайдың күні айрықша аталып өтуде
-
12:16, 10 тамыз 2026
Астанада дүркіретіп отшашу атқан тұрғын қамауға алынды
-
12:09, 10 тамыз 2026
Қазақстанда сақтандыру компанияларының тұтынушыларын қорғау күшейтіледі





