Тағы бір ел туристер үшін электронды визаны іске қосады
© Сурет: freepik
2026 жылғы 17 тамыздан бастап Непал туристерге электронды виза (e-Visa) рәсімдеу мүмкіндігін енгізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
e-Visa-ны Непалға бармас бұрын елдің Иммиграция департаментінің арнайы сайтында рәсімдеуге болады. Ол үшін туристер сауалнаманы толтырып, фотосын жүктеп, визалық алымды банк картасы арқылы төлеуі қажет.
Дайын виза өтініш берушінің электронды поштасына 24 сағат ішінде жіберіледі. Виза берілген күннен бастап алты ай бойы жарамды болады. Оның құны өзгеріссіз қалады:
- 15 күнге – 30 доллар;
- 30 күнге – 50 доллар;
- 90 күнге – 125 доллар.
Сонымен қатар туристер Непалға келген кезде визаны Катманду әуежайынан бұрынғыдай рәсімдей алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:50, 4 қыркүйек 2026
Қытайда 100 шақырымға созылған кептеліс екі аптаға созылды
-
16:12, 4 қыркүйек 2026
Пашинян: Армения Еуропалық одаққа қосылу бағытынан бас тартпайды
-
08:53, 3 қыркүйек 2026
Балиде бассейнге түскен турист көзінен айырылып қала жаздады
-
08:45, 3 қыркүйек 2026
Күн энергетикасы Қытайдағы ең ірі электр қуаты көзіне айналды
-
08:36, 3 қыркүйек 2026
Әкесі ұлын құтқару үшін 40 келі салмақ тастады





