Алматыда Республика сарайында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр

09:31, 20 сәуір 2024

© Сурет: ҚР ҰҚК

Алматыда Медеу ауданында таңғы сағат 5.00-ден бастап лаңкестікке қарсы жаттығулар өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-жаттығу адамдар көп жиналатын нысандарда болуы ықтимал терроризм актісінің жолын кесу тетігін жетілдіруге бағытталған.

Жаттығу 10 сағатқа дейін жалғасады деп жоспарланған.

Бұған дейін хабарланғандай, оқу-жаттығу кезінде шектеу шаралары қарастырылған. Жедел штаб бұған дейін азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Осындай оқу-жаттығулар бұған дейін Түркістан облысында, Қостанай облысында, Астанада және Қазақстанның басқа да қалаларында өткізілген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!